Регистрация | Забыли пароль?
Список Форумов / В ЭФИРЕ ТЕЛЕКАНАЛ КТК! / Информационные программы

Жаңалықтар

Страницы: <<  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  >>
Автор Сообщение
arman

Сообщений:21
Добавлено: 19 Июля 2009 г. 18:08 наверх


Жас дарынды тілші, тележүргізуші, әнші, талантты азаматымыз Руслан Бөлебайдан айырылып қалғанымыз қабырғамызды қайыстырады, Сіздердің арналарыңызда жұмыс жасап жүргенде өте қызықты материалдар дайындаушы еді. Шет елдерден де шығып жүрді (қазір шетелден матеиал беретін тілшілер көрінбейді). Сіздерге, Русланның ата-анасы мен туған туысына қатты қайғырып көрермендердің атынан көңіл айтпақпын. Енді жарқ етіп жанып келе жатқан жастын кенеттен үзілгені әрине өкінішті...
Көкжал

Сообщений:3
Добавлено: 17 Июля 2009 г. 13:58 наверх


Журналистер негізінен осы жаз айларын өз жұмыстары үшін өлі маусым деп жатады. Бірақ КТК жаңалықтарынан ондайды байқай алмайсыз. Келісесіздер ғой?! Өйткені әр күн сайын басқа арнада жоқ ерекше материалдар беріп жатады. Соны әйтеуір қалайда табады. Осы мақсатта олар өз көрермендерінен бір сәткеде алшақтамау үшін барлық тілшілерінің тер төгіп жұмыс істеп жатқандарын байқау қиын емес. Жарайсыңдар қыз-жігіттер!!! Тек сендермен ғана Қазақстандағы жалған өмір әділ болып көрінеді. Істерің алға бассын!!! Бәріңізге сәттілік!!! Айтпақшы кешегі шығарылымда Ғабит пен Әйгерімнің сюжеттері ұнады. Бірінікі сот, бірінікі химиялық от! Өте сауатты жазылған екен.
Roze

Сообщений:4
Добавлено: 12 Июля 2009 г. 15:42 наверх



КТК телеарнасы үлкен жұмыстар жүргізетінге ұқсайды.
Басқа канадлардан өзіндік ерекшелігі бар бұл каналға сапалы бағдарлармаларының көбейе түсуін тілеймін!!!

zena


Сообщений:556
Добавлено: 1 Июля 2009 г. 22:03 наверх


Айтпақшы, Олег Евлоевқа берілген сот Үкімімен келісесіздер ме? Сол сюжетті көрген адамдар, көздеріне жас тығылып, булығып қалды деп естідім....Әсерлі етіп жасаған екен....

ZENA
zena


Сообщений:556
Добавлено: 1 Июля 2009 г. 21:59 наверх


Бүгінгі жаңалықтарда көрсетілген колледж студентін соққыға жығып, мерт қылған полицейлер жайлы сюжеттің жалғасы болар ма екен? Солардың өлтіргені айдан анық боп тұрған сияқты. Қандай жаза қолданар екен?

ZENA
Модерация: zena 1 Июля 2009 г. 22:00
Jako

Сообщений:6
Добавлено: 26 Июня 2009 г. 12:55 наверх


Айтпақшы. қосуға ұмытып кетіппін. Жүргізушілер бір апта эфирге шығып, бір апта сюжет жасап жүргені көрерменге қызықты деген ойдамын. Мұны дұрыс жасағансыздар. Сонымен қатар стенд-апты көбейтіпсіздер. Бұл да ойымыздан шығып жүр. оқиға туралы әңгімелеген тілшінің бет-бейнесін көру жаңалықты тек айқындай түседі.
Jako

Сообщений:6
Добавлено: 26 Июня 2009 г. 12:51 наверх


Менімше, барлық жүргізушілер жақсы. Ерланбиді шоу-бизнес жаңалықтарынан кейін басқа форматтың жүргізушісі ретінде қабылдау сәл қиын болды. Алайда, қазір әбден төселді. Дауысы да өте жақсы.Дина туралы пікірлерге мен керісінше қосылмаймын. Әрине, шатысады, жаңа кірісті ғой. Микрофон мен камера алдындағы үрейді жеңіп, бірден емін-еркін жүргізіп кету оңай емес.Бірақ Динада динамика байқалады. Өмірдің өзі сияқты. Жаңалықтарды өте жақсы, нысанасын көздеп, эмоционалды жеткізеді. Шыққанына көп болмаса да өзіндік жүргізу стилі бар.Сіздердің жаңалықтарыңыздың ұстанатын форматы бар сияқты, ресмиліктен құтылуға тырысасыздар, ресми жаңалықтардың өзін журналист ой елегінен өткізіп, басқа көзқарастан жеткізуге тырысады. Мұндай жаңалықтарды жансыз жүргізушілер емес, Дина сынды көзінде оты бар журналистердің көрерменге жеткізуі де заңды. Сонымен қатар, тәжирибесі бар,оқиғаның қызу ортасында жүрген, дегенмен жас журналистерді шығару арнаға да жақсы. Ертең өздеріңіздің брендке айналар жастарға мүмкіндік бергендеріңіз өте жақсы. Динамен жүргізетін Дастан да төселіп келе жатыр. Бойында қазақилық пен сыпайылық байқалады. ол жасаған ағылшын құрамасымен өткен сюжеттерді жібермей қарадық. Жалпы, жүргізушілердің еркін жүргізгені жақсы, жаңылғандарынан қорықпаған дұрыс. Тікелей эфир, жаңа жүргізушілер... көш келе түзелмей ме?! Өзім сіздермен бірге ұнатып қарайтын НТВ жүргізушілері де кейде жаңылмай ма. міне, осында еркін жүргізу стиліне жетулеріңізге тілектеспін. не болса да құрғақшылықтан алыс жүріңіздер. Өмір деген Хабар мен Казправда ұсынғандай "безликий" емес қой... Әрі қарай творчестволық жетістіктерге жете беріңіздер!
SHAARE


Сообщений:5
Добавлено: 24 Июня 2009 г. 2:26 наверх


СӘЛЕМ!!! КТК жаңалықтарын көріп мәзбін! Жарайсыңдар. Соңғы кезде сендердің арналарыңды көретін болдық. Қазақтар біршама алға басқанға ұқсайды, материалдарың қызықты, ақпаратты беру тәсілдерің басқаларға ұқсамайды. Әсіресе Ерланби мен Мәдинаның жүргізгені ұнайды. Сондай салмақты, екінші жұп өзінөзі көрсеткісі келе ме.. Сәл байыптылық керек сияқты. Ал былайша ұнайсыңдар. Биіктен көрінулеріңе тілектеспін.
i_zhan


Сообщений:2336
Добавлено: 21 Июня 2009 г. 2:04 наверх


Roze писал(а):

Рейтингтерді қарасам, Кешкі жаңалықтар 3-орында тұр. Мұнда менің де үлесім бар. Жаңалықтарды жақсы көрмесем де Ерланбиді көру үшін міндетті түрде күн сайын кешкі жаңалықтарды жібермей қараймын.
Ерекше, сымбатты, әдемілігемен қоймай қандай ақылды және сыпайы!!!


+1!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!


IZ
Roze

Сообщений:4
Добавлено: 18 Июня 2009 г. 20:07 наверх



Рейтингтерді қарасам, Кешкі жаңалықтар 3-орында тұр. Мұнда менің де үлесім бар. Жаңалықтарды жақсы көрмесем де Ерланбиді көру үшін міндетті түрде күн сайын кешкі жаңалықтарды жібермей қараймын.
Ерекше, сымбатты, әдемілігемен қоймай қандай ақылды және сыпайы!!!

zena


Сообщений:556
Добавлено: 22 Мая 2009 г. 22:17 наверх


Жылы лебіз білдіргеніңізге үлкен рахмет, Алтын! Барлығы да сіздер үшін, сіздердің игіліктеріңіз үшін.Күнде көрсетіліп жатқан жаңалықтардағы әр сюжет жайлы өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді білгіміз келеді.Мысалы кешегі шымкенттік сюжет, жоғалып кеткен сәбилер туралы. Қалай ойлайсыздар, Аяжанның әжесінің кінәсі бар ма?

ZENA
алтын

Сообщений:26
Добавлено: 22 Мая 2009 г. 17:41 наверх


Кеш жарық КТК ұжымы Мен АУУУУУУУУУУУУУ деп форумдагыларды ояткым келеді ОЯН ҚАЗАҚ ояныңдар а то қызықсыз болып кетти че то Айтпакшы жаналыктарда бир леп бар соган куанып журмин Тилшилер де пысып алгандай ма айтеу жаксы болып келесиздер Рейтингтин котерилетиндей жони бар Сондыктан алга жылжи бериниздер аймактардагы тилшилер де белсенди болып кеткен сиякты коктем асер етип жатыр ма ким билсин Мыкты откир жедел акпараттар берип жатыр Жарасындар Колдарын кысып койыныздар

Алтын
Акмарал

Сообщений:29
Добавлено: 22 Мая 2009 г. 10:22 наверх


Рахмет, Арман! Пікіріңізге, берген бағаңызға алғыс білдіреміз. Рейтингтен де хабарыңыз бар екен... Мұндай көременнің барына қуанамыз. Біз тоқтамаймыз, әркез бізбен бірге болыңыз, арнадан ауытқымаңыз. Қызықтың көкесі әлі алда дегендей......
arman

Сообщений:21
Добавлено: 21 Мая 2009 г. 16:22 наверх


Құрметті Ктк телеарнасының ұжымы! Шынымен, ақырындап алға жылжып келе жатқандарыңызға өте қуаныштымын! Қазір 7-30 ды жібермей көреміз, бұрынғыдай 31 канал екеуін кезек көріп отырмаймыз. Тек уақыт жағынан емес, жаңалықтарыңыз да өте қызықты, тілі ұшқыр. Оның үстіне, қазір қарап отырмын, рейтингтегі 20-лыққа іліккендеріңізге өте қуаныштымын! Бұрын тек орыс тілді жаңалықтарыңыз ілігетін еді, енді міне, сіздер де санатқа қосылдыңыздар, құттықтаймын. Енді тоқтап қалмай, бірінші орынға шығуларыңызға тілектеспін!!!
i_zhan


Сообщений:2336
Добавлено: 13 Мая 2009 г. 17:49 наверх


алтын писал(а):
Акырындап 8-ге жакындап келесиздер гой дим иа кыска дейн жетип каларсыздар Жаналыктар сегизге иа Жарайсыздар


;))))))))))))))))


IZ
Страницы: <<  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  21  22  23  24  25  >>
Copyright © АО «КТК»
Администрация не несет ответственности за сообщения, размещенные пользователями.
Все зарегистрированные пользователи обязаны соблюдать правила настоящих Форумов, с которыми они согласились в момент регистрации.
Сайт разработан ИА «Gazeta.kz»
Смайлы: Copyright © Aiwan. Kolobok Smiles